Асқар Мамин Түркияның Қорғаныс министрімен қандай мәселені талқылады?

Асқар Мамин Түркияның Қорғаныс министрімен қандай мәселені талқылады?

Бұл туралы primeminister.kz  хабарлады.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін айтты.

«Екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуде біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Екіжақты форматта қарқынды жүргізіліп жатқан сындарлы диалогпен қатар БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және АЫСШК шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл табысты дамуда», – деді Асқар Мамин.

Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестері – 10 елдің бірі саналады. Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша $3 млрд-тан асты. Биыл 8 айда екіжақты сауда былтырғымен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, $2,1 млрд-қа жетті. Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі $3,7 млрд-тан асты. Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруын талқылады.

Кездесуге Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов қатысты.