Бағдат Манзоровқа тағылған айып алынып тасталды

Бағдат Манзоровқа тағылған айып алынып тасталды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтан алаяқтық айыбы алынып тасталды. Бұл туралы Tengrinews.kz оның адвокаты Алмас Демесіновке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Желіде 28 қазанда Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы құжаттың көшірмесі пайда болды.

«Қылмыстық істің тоқталығанына қатысты өтініш хат (қылмыстық істің -ред) электронды үкімет арқылы жіберілді. Себебі оқиға да, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы да жоқ. Ресми жауап алынды. Хат төлтума», - деді Алмас Демесінов.

Алматы облысы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат қыркүйектің соңында белгілі болды. Бұл туралы ҚР жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеген еді. «Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоров мырза расымен тұтқындалды. Біз мұны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында, оның әрекеттері нақты қаралуда», - деді О.Бектенов.

2008 жылдан 2017 жылға дейін Бағдат Манзоров Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болды. Кейіннен Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың шілдесінен бастап Алматы облысының әкімінің орынбасары болды.