Ердің ерлігі еленді

Ердің ерлігі еленді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен қыз­меттік борышын атқару кезінде қа­за тапқан инспектор Әділ Кен­же­ғұлов «Айбын» орденімен наг­радталды.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызыл­орда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын» делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, 25 қазан күні түнде Қы­зылорда облысының Жалағаш ауданында браконьердің соңына түскен инспектор Әділ Кенжеғұлов қаза тапты. Ол – жыл басынан бері табиғатты қорғаймын деп дүние салған үшінші қорықшы.