Нұр-Сұлтанда күшті боран салдарынан қала маңындағы сегіз бағыттың қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда күшті боран салдарынан қала маңындағы сегіз бағыттың қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы сегіз маршруттың қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды "Астана LRT". "Ауа райының қолайсыздығына байланысты (жолдарды қар басып қалды) № 304, 307, 310, 311, 313, 314, 318, 322 бағыттардың қозғалысы тоқтатылды ", – делінген хабарламада. №302, 303, 306, 308, 320, 326 бағыттар қозғалысын тоқтатқан жоқ. "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ-да ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің тоғыз облысында күре жолдардың 45 учаскесінде қозғалыс шектелді. Жолда 800 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.