Павлодардың экс-әкімі тұтқындалды

Павлодардың экс-әкімі тұтқындалды

Павлодардың экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтің Павлодар облысы Баянауыл ауданында әкім болған кезінде жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Павлодар облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қайыргелдиновке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді облыстың Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев. Тергеу мәліметіне сәйкес, Павлодардың экс-әкімі жемқорлық іс-әрекетті Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі болып жүргенде жасаған.

«Ол (Оразгелді Қайыргелдинов – ред.) облыстық бюджеттің есебінен 240 миллион теңгеге пайдалануға жарамсыз аэродромды біле тұра Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Оған қатысты қамауға алу шарасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Дархан Құрақбаев.

Айта кетейік, біз бұған дейін Павлодар облысын басқарған Болат Бақауовқа қатысты жемқорлық туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.