Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар азайып келеді – СІМ

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар азайып келеді – СІМ

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандықтардың Оңтүстік Корея аумағында маусымдық жұмыс істеуіне рұқсат беру бойынша келіссөз енді басталған.

– Өздеріңіз білетіндей, Президент тиісті тапсырма беріп, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында маусымдық жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілсін деген болатын. Ол мәселе әлі бастапқы деңгейде. Сондықтан, қазір Корея тарапымен бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге айтарлықтай ақпарат жоқ. Келіссөз енді басталды,– деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны азайып келеді.