Jaidarman – 2020 ойындарының жеңімпаздары белгілі болды

Jaidarman – 2020 ойындарының жеңімпаздары белгілі болды

Идеялық шабыттандырушы және қазақ тілді КВО негізін қалаушы Есен Елеукен ойын деңгейі мен сапасы әрдайым өсіп, жаңа командалар көбейіп келе жатқанын атап өтті. «Біздің ойындар тек әзіл жоба ғана емес, бірінші кезекте, бұл жастардың әлеуметтенуі. Өйткені Жайдарман ойындары тек қалаларды ғана емес, аудан орталықтары мен алыс ауылдарды да қамтиды. Біздің жобаның аудиториясы өте үлкен», – дейді ол. Ол сондай-ақ осы 20 жыл ішінде «Jaidarman» атақты КВО ойыншыларының қатарының көбейгенін байқағанын айтты. «Jaidarman көптеген балалар үшін әлеуметтік лифт болды. Олардың көпшілігі медиа саласында өздерін жақсы таныта білді, түрлі теледидар мен интернет жобаларын түсірді, фильмдерге түсті. Мұның бәрі қажырлы еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын көрсетеді», - деп атап өтті Есен Елеукен. Финалдық ойында 5 команда бақ сынасты. Олар: Маңғыстау облысы -«Боранқұл», Батыс Қазақстан облысы - «Грант», Шымкент қаласы - «Миллион», Жаңақорған ауданы - «Жаңақорған құрамасы» және Қостанай облысы - «Рудный құрамасы». Топтар «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Биатлон» және «Үй тапсырмасынан» тұратын 4 турда бақ сынасты. Айта кетейік, командалар ел жұлдыздарының қатысуымен үй тапсырмаларын дайындады. Волонтер жылына байланысты финалдық ойынның тақырыбы «Biz Birgemiz» болғаны қуантады. Командаларды Бақтияр Артаев, Еркебұлан Мырзабек, Марат Достаев, Берік Уәли және Бейсенбаев Елнұр сияқты танымал тұлғалар бағалады. Финалдық ойынның қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының «Боранқұл» командасы чемпион атанды, екінші орынды Орал қаласының «Грант» командасы, үшінші орынды Шымкенттің «Миллион» командасы иеленді. Айта кетейік, 2014 жылдан бері «Jaidarman» ойындары «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесе өткізіліп келеді.