Күн қайта суытады

Күн қайта суытады

Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады,– деп хабарлайды Қазгидромет.

«Ресейдің Еуропалық бөлігінен Жайыққа атмосфералық ағындар әкелген циклон өтіп барады, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында қайтадан қолайыз күрделі метеорологиялық құбылыстар: жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын соғады, екпінді батыс желі күтіледі»,– делінген хабарламада.

Ал циклонның артынан келетін арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан кезекті суық антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында күннің суытуына себепші болады.