Бұрынғы президенттің қызы өзіне қол жұмсағаны рас па?

Бұрынғы президенттің қызы өзіне қол жұмсағаны рас па?

Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Зеңгі ата колониясында жазасын өтеп жатқан Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың денсаулығы күрт нашарлады деген қауесет шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Aikyn.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап хабарлайды. Гүлнара Каримованың қызы Иман қазан айында Instagram парақшасына анасының денсаулығы нашарлағанын, пневмония диагнозымен түрмедегі медицина бөлімшесінде жатқанын жазған.

 «Қауесеттердің бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Гүлнара Каримова сот тағайындаған жазаны өтеп жатыр», – деді ІІМ ресми өкілі Умида Абдуллаева.
Мұнымен қоса Гүлнара Каримова өзіне қол жұмсады деген ақпараттың да шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.