Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен бірқатар өңірлерде ескерту жарияланды,– деп хабарлайды Қазгидромет.
8-10 қараша аралығында Атырау облысының кей жерлеріне тұман түседі.
8 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
8 қарашада Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20, 23 м/с дейін күшейеді. Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күшті жел секундына 15-20, 23-28 метр жылдамдықпен еседі.
8 қарашада таңертең және күндіз Көкшетау қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
8 қараша Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Жел қарқыны 15-20, 23-28 м/с дейін күшейеді.
Ертең Петропавл қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан соққан жел солтүстік бағытына ауысады. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20, 23-28 метр шамасында.