15 жаста тұрмысқа шыққан оқушының анасы арыз жазудан бас тартты

15 жаста тұрмысқа шыққан оқушының анасы арыз жазудан бас тартты

Оралда 15 жастағы мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен еді. Оның 29 жастағы ер адаммен заңсыз некеге тұрғаны белгілі болды. Осыдан кейін "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды"  деген айыппен іс қозғалған болатын. Енді іс тоқтатылуы мүмкін. Өйткені қыздың анасы арызды қайтып алды.

"15 жастағы қыздың анасы жасөспірім қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерістерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты", – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Ақпарат көздерінің жазуынша,  жасөспірім қара түсті паранжы киіп, отбасымен байланысты үзгісі келген.