Алдағы күндері күн суытады
Алдағы күндері күн суытады
5,281
оқылды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күннің ауа райына болжамын ұсынды.

«Атлантикалық жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары ығысып, республикада күн тағы да суытады», - деп ескертті синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі. Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен көптеген облыста ауа райы жауын-шашынды болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Нұр-Сұлтан

9 қарашада күн бұлтты, таңертең жаңбыр, ал кешке қар жауады. Сынап бағанасы түнде +2 ℃, күндіз +1℃ көрсетеді.

10 қарашада күн ашық, таңертең аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы –  түнде -4℃, күндіз -10℃.

11 қарашада күн бұлтты, түнде -17℃, күндіз -12℃ суық болады.

Алматы

9 қарашада күн ашық, күндіз +11℃, түнде +3℃ жылы.

10 қарашада күн ала бұлтты, күндіз сынап бағанасы +11℃, түнде +8℃ көрсетеді.

11 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +5℃, күндіз +3℃.

Шымкент

9 қарашада күн ашық, күндіз +13℃, түнде +4℃ жылы.

10 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +10℃, түнде +3℃ көрсетеді.

11 қарашада күн ашық, ауа температурасы +11℃, түнде +2℃ жылы болады.