Асқар Мамин қағаз анықтамаларды жоюды тапсырды

Асқар Мамин қағаз анықтамаларды жоюды тапсырды

«Көпшілігі смартфонды қолданатындықтан, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov mobile-ға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы қағаз анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігі қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Асқар Мамин.