Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны аман алып шықты

Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны аман алып шықты

Бүгін сағат 08:10-да 112 пультіне «Акуленок» аумағында балық аулап отырған ер адам мұз ойылып, суға түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

      Құтқарушылар оқиға орнына  жедел жетіп, дереу балықшы құтқарды. Мұздың тым жұқалығына байланысты құтқару жұмыстары қиын болды.

Құтқарушылар 1960 жылғы ер адамды мұздан шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды.

  https://www.youtube.com/watch?v=1h9WsQVkQAQ&ab_channel=AikynGazeti

Балықшы ауруханаға жатқызылды.