Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды

Қарулы күштер Бас штаб бастығының орынбасары тағайындалды

Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы І дәрежелі капитан Серік Борамбаев тағайындалды.

Серік Борамбаев Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесі, ҚР РФ Әскери университеті, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасы, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі. Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әртүрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.