Бірқатар кездесу өткізді

Бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Astana Club халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қа­зір­гі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ өңір­лік және халықаралық күн тәртібіндегі өзек­ті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы қазан айын­да Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық эко­но­ми­калық кеңес аясында Президент Хасан Руха­нимен табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстан Президенті ирандық әріптесінің Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтетінін жеткізді.

Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт То­қаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсе­тілген қонақжайлық үшін алғыс айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі Astana Club жұмысынан алған әсерімен бөлісе оты­рып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық оты­ры­сындағы баяндамасын және жиынның сын­дар­лы атмосферасын жоғары бағалады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермек­баевты қабылдады.

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштер­дің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің Қа­зақ­­стан әскерінің қазіргі ахуалы мен даму перс­­­пективалары тура­лы есебін тыңдады.

Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың сал­­­дарын жою туралы баяндады. Әскери ведо­мство басшысының айтуынша, еліміздегі бар­лық оқ-дәрі қоймаларына тексеру жүр­гізіл­ген. Нәтижесінде, аталған нысандарды қа­жетті қауіпсіздік деңгейіне жеткізу және оң­тай­лан­дыру жоспары дайындалған.

Қорғаныс министрі ведомствоның орталық ап­паратының қызметіне функционалды талдау жүргізудің бірінші кезеңі туралы есеп берді. Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде министрліктің, бас штабтың және әскери басқарманың жергілікті органдарының 300-ден аса штаттық бірлігі оңтайландырылды. Соның есебінен 2020 жылдан бастап жыл сайын 450 миллион теңгеден астам қаражат үнемделеді. Бұл қаржы әскери құрамды материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағытталады.

Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жо­март Тоқаевқа кезекті әскер қатарына ша­қыру науқанының қорытындылары, қысқы оқы­ту маусымына дайындық және әскери тех­никаларды қысқы режимге көшіру жөнінде мә­лімет берді. Бұдан бөлек, әуе қорғанысы мен әскери-теңіз күштерін дамыту, Ұлы Отан со­ғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әс­кери шеруге дайындық, сондай-ақ әскери қыз­метшілерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау мә­селелері қозғалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міздің Қарулы Күштерін қазіргі заман та­лабына сай жасақтауға қатысты бірқатар нақты тап­сырма берді.