Төрт түліктің паспорты электронды форматқа ауыстырылады

Төрт түліктің паспорты электронды форматқа ауыстырылады

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасы мен «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекс және «Ветеринария туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Заң жобасының мақсаты – Қазақстанның ветеринария саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру.

Мәселен, заң жобасы негізінде ветеринариялық паспорт электронды форматқа ауыстырылады. Электронды форматқа ауыстыру бұрын қағаз форматта дайындауға кететін бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Құжат алу жеңілдейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.