Елімізге қайырымдылық, волонтер және меценаттың ұлттық рейтингін әзірлеу қажет. «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді.
«Волонтер тәжірибесі жұмысқа қабылдану кезінде ескеріліп, кәсіби еңбек өтіліне, студенттік тәжірибеге есептелуі өте маңызды. Волонтерлік билік пен қоғамның барлық деңгейінде ынталандырылатын табиғи қайырымды ұмтылысқа айналысу тиіс. Біз қазақстандықтардың өте елгезек әрі әлеуметтік жауапты азаматтар екенін білеміз. Азаматтарымыз су тасқынынан, өзге де ауыртпалықтар мен техногендік апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету өтініштерге бір адамдай ден қойып, қол ұшын бергендерін көрдік. Қайырымдылық шараларының саны жылдан жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Оның ішінде ауылдық жерлер де бар. Елімізде даңғойлықсыз әрі пиарсыз мемлекет пен қоғамға ірі жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін бизнесмен-мецанаттардың жаңа санатының пайда болғанын көреміз. Мыңдаған отандасымызға көмектесіп, оларға қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр.
Бізге меценаттық және қайырымдылық туралы заң қабылдау қажет те шығар. Онда бизнеске салықтан және өзге де жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін», – деді Қырымбек Көшербаев.