Сенаторлар делегациясы Арменияда

Сенаторлар делегациясы Арменияда

Арменияға сапармен барған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева осы елдің парламенті – Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесті. Тарап­тар екіжақты парламентаралық қатынастарды дамыту келешегін, сондай-ақ пар­ла­менттік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Дариға Нұрсұлтанқызы өз сө­зінде Арменияны Қазақ­стан­ның ТМД мен Еуразиялық одақ­тағы сенімді әріптесі деп атады.

– Мемлекеттеріміздің қа­рым-қатынасы бүгінде өзара тү­сі­ністік пен сенім жағдайында қар­қынды дамуда. Біз оны сақ­тай отырып, халықтар игілігі үшін ары қарай дамытамыз деп үміт­тенемін, – деді ол.

Сенат басшысы ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Парламентаралық Одақ және ЕҚЫҰ ПА секілді пар­ламентаралық ұйымдар ая­сындағы көпжақты байланысты дамытуды да маңызды санайды.

Д.Назарбаева Қазақстан мен Армения парламенттері ара­сындағы ынтымақтастық т­о­бы­ның рөліне ерекше назар ау­дарды және заң шығару бойын­ша тәжірибе алмасу үшін топ әлеуетін тиімді пайдалану қажетін атап өтті.

Өз кезегінде Арарат Мир­зоян қос мемлекет қатынас­та­рының достық және одақтас­тық сипатына тоқтала келе, Ар­мения Қазақстанмен екі­жақ­ты парламентаралық ын­ты­мақтастықты қарқынды да­мы­туға маңыз беретінін жеткізді.

Кездесуден кейін Дариға Назарбаева бастаған қазақ­стан­дық сенаторлар делегациясы Арме­ния ұлттық жиналысының паркіндегі «Төрағалар аллея­сын­да» ағаш отырғызды. Д.Назарбаеваның айтуынша, кө­шеттер ел мен халықты бай­ла­ныстыратын достықты паш етеді.

 

Елдос СЕНБАЙ