Ла Лига жанкүйерлерді стадионға кіргізуі мүмкін

Ла Лига жанкүйерлерді стадионға кіргізуі мүмкін

  Ла Лига президенті Хавьер Тебас ел үкіметімен жанкүйерлерді стадионға қайтару мәселесін талқыламақ, деп хабарлайды Football Espana. Әзірге үш мың ғана көрерменге рұқсат беру нұсқасы қарастырылуда. «Біз билікпен трибунаға үш мыңға дейін адамды кіргізу туралы сөйлеспекпіз. Испанияның Канар аралдары, Балеар немесе Мадрид секілді өңірлерінде жанкүйерлерді қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік бар. Үкімет Испания аумағында ереже ортақ болғанын қалайды, бірақ мұның мүмкін емес екенін түсіну қажет», – дейді Тебаса.