Жетібайдағы жағдай жіті қадағаланады

Жетібайдағы жағдай жіті қадағаланады

Маңғыстаулықтардың шағымынан соң, мұнай қалдықтары шашылып жатқан полигон тексерілетін болды.

Lada.kz сайты тұрғындардың шағымынан соң, оқиға орнынан фотоларды жариялаған еді. Фотодан мұнай қалдықтары көлемді аумақта ашық-шашық шашылып жатқанын байқауға болады. Жергілікті басылымның жазуынша, жауапты департамент өкілдері мәселенің мән-жайын анықтамақ.

Жердің кімге тиесілі екені анықталған соң тергеу басталады. Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі: «Заң бойынша тиісті шара қолданады. Аймақтағы экология департаментінің қызметкерлері Қарақия ауданының Жетібай елдімекеніне барды. Қосымша ақпарат БАҚ-та жарияланады», — деп хабарлады.