Ел болашағын өз қолымен сомдады

Ел болашағын өз қолымен сомдады

Елбасының елдік мүдде жолындағы әр шешімі ұлт тари­хы­ның жаңа тарауына айналды. Елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықара­лық конференция өтті. Іс-шара барысында Елбасының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі рөлі мен халықаралық бастамалары жан-жақты сөз болды. Жиынға әлемдік деңгейдегі белгілі саясаткерлер, сондай-ақ еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хат­шысы Пан Ги Мун сынақ полиго­нын жабу және ядролық арсенал­дан бас тарту туралы тарихи ше­шімі, сондай-ақ жарқын әлемді құруға септесу жолында Қазақ­станның күш-жігері жалғасын тап­­қаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылығын білдірді. Оның байламынша, соң­ғы онжылдықтағы маңызды ке­зеңнің бірі – Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полиго­нының жабылуы және елдің кеңестік ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы болды. – Бұл – адамзат үшін тарихи шешім! Полигонда жасалған 500-ден астам жарылыс жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізді. Халық­аралық қауіпсіздікті нығайтқан бұл батыл қадам ядролық қару­сыз­дану саласындағы Қазақ­станның жаһандық көшбас­шы­лығының іргесін қалады, – деген Пан Ги Мун Елба­сының шешімі және шешуші көшбас­шылығы жеке біздің елдің ғана емес, бүкіл әлемнің даму траек­ториясын оң жаққа өзгерт­кенін айтты. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанның табысы мен тұрақ­тылығы Н.Назарбаевтың көш­басшылығының арқасы деді. – 1990 жылдардың басында Кеңес Одағы күйрегенде Қа­зақ­станның қазіргідей іргелі мем­лекет боларына сенгендер сирек еді. Қазіргі кезде Қазақстан бо­­­лашаққа сеніммен қарайды. Пре­зидент Назарбаев бүкіл әлем лайық­ты бағалауы тиіс өте маңыз­ды 3 қадам жасады. Бірін­шіден, ядролық қарудан бас тартты. Осының ар­қасында Қазақстан ядролық ар­сеналын өз еркімен жойған дү­ниежүзіндегі жалғыз елге ай­налды. Екіншіден, хал­қының басым көпшілігі мұсылман болған Қа­зақстан діни тағат-толе­рант­ты­лықтың ұс­тынына ай­налды. Қа­зақстанда христиан, еврей және басқа да қауым­дас­тықтарға жақсы жағдай жа­салған. Үшіншіден, жаһандық қос ал­пауыттың – Қытай мен Ресей­дің арасында орналасқанына қара­мастан, Қа­зақстан Батыстың се­німді әрі адал одақтасы болып қалуда, – деді Тони Блэр. Ол өз сөзінде ел экономикасы тәуелсіздік жылдарында әлденеше есеге артқанын және ұдайы мо­дер­низацияланып жатқанын атап өтті. «Қазақстан 30 жылда жүріп өткен жолымен мақтана алады. Оның алға жобалаған жолы және стратегиялық бағдары жарқын болашаққа жеткізері сөзсіз. Осы­ның бәріне қол жеткізу Н.Назар­баев­тың ұлағатты көш­бас­­шы­лығынсыз мүмкін болмас та еді. Міне, сол себепті бүгін осы та­рихи тұлғаға ілтипатымды біл­­­діру – мен үшін үлкен құрмет!» деп қорытты сөзін Ұлы­бри­та­ния­дан келген мәртебелі мейман. Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы пре­зиденті, танымал француз эко­номисі, жазушы және саяси қай­раткер Жак Аттали Елба­сының ха­лықаралық қызметіне және оның әлемдегі ең дана адамдардың біріне айналуына қатты сүй­­сінетінін жеткізді. Ол еліміздің Тұңғыш Пре­зи­­­дентімен 30 жыл бұрын, тәуел­сіз Қазақстанның қалыптасу ке­зеңін­­де кездесіпті. Кейін талай жүздесе жүріп, оның «нарықтық экономикаға негізделген, қазіргі заманғы демократиялық, әлеу­мет­тік және экологиялық тұр­ғыдан саналы, елді дамытуға бас­­­­таған ұстанымына, қажырлы күш-жі­геріне, оның қабілеті жә­не тәжі­рибесіне тәнті бо­лыпты. – Ресей, Қытай, Иран және басқа державалармен көршілес орналасқан Қазақстан секілді аумағы үлкен елді басқару үшін дипломатиялық әрі әлеуметтік зор әлеует пен дағды қажет. Пре­зидент Н.Назарбаев соның бәріне ие. Осының арқасында ол сал­мақты шешімдер қабылдай алды, оның бірі – елдің бас қаласын Сары­арқаға көшіру және әлемдегі ең мықты сәулетшілердің көме­гімен ға­­­жайып қалаға ай­налдыру болды. Қазақстан – болашағы зор ел. Ел­басы көптеген азиялық жә­не батыс­­тық өрке­ниеттердің бас­тауларын біріктіріп, заманауи мемлекетті жаңадан тұрғызды. Оған бар жақсылықты тілеймін және оның елге әрі бүкіл әлемге қалдырған мұрасы келешек ұрпақ­қа жетеді деп сенемін, – деді Франциядан келген қонақ. Түркияның экс-прези­денті Абдолла Гүл Нұрсұлтан Назар­баевты «Түркі әлеміне ақыл-ой, парасатымен қызмет етуші қай­раткер» деп атады. – Ұзақ саяси өмірімде және 7 жылдық президенттік қыз­метімде Елбасымен етене жақын жұмыс істеуге мүмкіндігім болды. Ара­мызда берік достық орнады. Ол кісі туралы ойымды үш тар­мақта түйіндегім келеді. Бі­­­ріншіден, Н.Назарбаев 30 жыл бойы қазақ халқына көреген Ұлы Көшбасшы бола білді. Ол шека­ралары шеге­ленген, тұрақты және мығым мем­­лекет құрды. Қазақ­станның тұ­­рақты дамуы мен өрлеуін қам­та­­­масыз етті. Екін­шіден, Н.Назар­баев­ ең мықты, саяси тұғыры биік кезеңде, қазақ халқының және бүкіл мемлекеттік инс­титуттардың қолдауы мен адалдығына ие бола тұра, елінің болашағы үшін пре­зиденттік қызметінен өз қалауымен бас тартты. Үлкен кемеңгерлік пен парасаттылық танытты, жаңа буын­ның жолын ашты. Бұл – саяси тарихта сирек кездесетін оқиғалардың бірі, – деді А.Гүл. Үшіншіден, оның пайым­дауын­ша, Елбасы – Түркі әлемін біріктіру жолында тынбай еңбек етіп, оған ақыл-ой, парасатымен қызмет етіп келе жатқан ұлы қай­раткер. «Мен мұны өзім куә бол­ған адам ретінде айтып отырмын. 2010 жылы Түркі кеңесін бірге құрдық. Мен оны күллі түркі жұр­­тының ақсақалы деп мәртебе тұта­­­мын!» – деді Түркия экс-президенті. Отырыста сонымен бірге Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев та сөз сөйледі. Халық­аралық кон­ферен­цияға қатысушылар Елба­сының Қазақстанның ха­лық­аралық бай­ланыстарын жолға қою, көпвек­торлы сыртқы сая­саттың страте­гиялық бағытын құру жөніндегі күш-жігері мен же­тістіктерін, сыртқы саяси бас­та­маларын және олардың іске асырылу барысы мен қоры­тындыларын талқылады.

Елдос СЕНБАЙ