Мәдениет үйі өртенді

Мәдениет үйі өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 желтоқсан күні таңертең Сегізбай ауылындағы мәдениет үйі өртенген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ағаш шатыр құрылымдары өртеніп жатты.

«50 минут ішінде жалпы ауданы 160 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады ТЖД.