Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласындағы кәмелеттік жасқа толмаған қыз зорлау оқиғасынан кейін Жамбыл облысының әкіміне ескерту жасап, қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Жамбыл облысының әкіміне Тараз­дағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ес­керту жасадым» деп жазды Мемлекет бас­­шысы.

Президент жазбасынан кейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Тараз қаласы әкімінің қызметінен босатылғанын хабарлады.


«Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға бай­ланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қ­а­ласының әкімі Қайрат Досаев 2019 жыл­ғы 21 қарашадан атқарып отырған лауа­зы­мы­нан босатылды.

Тараз қаласы әкімінің міндетін уа­қытша атқару Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді» деп жазды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, осыдан бір апта бұрын полицейлер Тараз қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлаған 38 жастағы күдіктіні ұстаған-ды. Оқушы қызды зорлау оқиғасы мектеп әжетханасында болған. Оқиғадан кейін Жамбыл облысындағы барлық білім ордасындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Зардап шеккен оқушы ауруханаға жатқызылды.

Білім және ғылым министрі оқиға болған мек­тептің директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, фи­зика пәні мұғалімі мен вахтердің қыз­­метінен босатылғанын жеткізді. Ал Жамбыл об­лысы Білім басқармасының басшысы өз еркімен жұ­мыстан кетті. Сондай-ақ бірқатар жауапты поли­ция қыз­меткерлеріне қатаң сөгіс беріліп, мектеп ор­на­ласқан аумақтағы учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан шығарылды.