Зимбабве астанасында Брежнев даңғылы пайда болады

Зимбабве астанасында Брежнев даңғылы пайда болады

Үкімет шешімімен Зимбабвенің астанасындағы даңғылға Леонид Брежневтің есімі беріледі. Министрлер Кабинеті ел астанасы – Хараредегі және басқа қалалардағы кейбір көшелер мен үкіметтік ғимараттардың атауын өзгерту идеясын қолдады,– деп хабарлайды bbc.com.

Ресми басылым Herald газетінің хабарлауынша, көшелердің көбі Зимбабвенің ұлттық қаһармандары, сондай-ақ «аймақтың ұлттық қозғалысының қайраткерлері» құрметіне аталған. Мәселен, ел астанасы – Хараре қаласында Агостиньо Нето даңғылы (тәуелсіз Анголаның алғашқы президенті), Патрица Лумумба және Гамаль Абдель Насер атындағы көшелер болады. Брежневтің есімі берілген даңғылдың бойында бірнеше елшілік, оның ішінде ресей елшілігі де бар. Зимбабве мен КСРО арасындағы дипломатиялық қатынастар Брежнев Бас хатшы болған 1981 жылы орнатылды.