Оралбай Әбдікәрімов, мемлекет және қоғам қайраткері: Халықтың сенімін ақтады

Оралбай Әбдікәрімов, мемлекет және қоғам қайраткері: Халықтың сенімін ақтады

1 желтоқсан – Тұңғыш Прези­дент күні тойланатыны бәріне белгілі. Өйткені дәл сол күні 1991 жылы бірінші жалпы­ха­лықтық сайлау өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлау­шы­лардың 98,7% дауысына ие болған. Міне, сол мереке 2012 жылдан бері аталып келеді

Кез келген империяның ша­рықтау шегі, құлдырайтын уақыты болады. Бір кезде дүр­кі­ре­ген Кеңес дәуірі де кел­меске кетті. Горбачевтің қайта құру туралы бастамасынан кейін-ақ көптеген мемлекеттер либерал­дық қозғалысқа түсе бас­тады. Ол кезде Орталық пар­тия коми­тетінде ұйым­дастыру бөлімінің меңгерушісі едім. Компартия­ның жұмыс әдістері бұрынғы қалыптасқан бағыттан өзгерді. 18 бөлім болатын аппа­рат­ты қысқартып, жетеуін қал­дыр­ды. Үлкен реформа сол кез­­ден бас­тал­ды. Сонда Қазақ комму­нистік партиясының өз бағдар­ламасы, қаулысы қабыл­дан­ды. Бұл өзін-өзі басқару жү­й­е­­сіне көше бастағанымыз еді.

Әйтпесе, 1986 жылғы көте­рі­ліс Колбиннің келуінен шық­ты емес пе?! Сол кезде «ұлты бас­қа болса да неге қазақ­стан­дық біреу сайланбады?» деген ой еді. Бірінші хатшы бір елдің бас­шысы болатын. Онда Елба­сымыз жас, әлі елуге толмаған кезі. Оның өмірге деген көз­қа­расы ерекше болды. Ол өзінің алғырлығымен, көтерген мәсе­ле­лермен, шешендігімен елдің назарын өзіне аудара алды. Нұрсұлтандай азаматтың келге­ніне халық қуанды, оған сенді. Бұл жаңалықты халық жақсы қабылдады. Бүгінде осы отыз жылдың нәтижесінде Елбасы халықтың сенімін ақтады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев – Қа­зақ­стан деген мемлекетті әлем­ге танытты.

1 желтоқсан – Тұңғыш Прези­дент күні тойланатыны бәріне белгілі. Өйткені дәл сол күні 1991 жылы бірінші жалпы­ха­лықтық сайлау өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлау­шы­лардың 98,7% дауысына ие болған. Міне, сол мереке 2012 жылдан бері аталып келеді. Ал он күннен соң Президент Қа­зақ ССР атауының Қазақстан болып өзгертілуі туралы заңға қол қойды. Сөйтіп, 16 желтоқ­сан­да Жоғарғы кеңес елдің Тә­уелсіздігін жариялады. Тә­уел­сіз мемлекетімізге қатысты барлық рәмізді тағайындадық. Мәселен, Елбасы құпия түрде шағын ғана топты ұйымдасты­рып, қазақ елінің төл теңгесін жасап шығаруды тапсырған. Ресейдің айналымнан шығып қалған қоқыс ақшасының ор­ны­на өзіміздің теңгемізді қалай кіргізу жолын ақылдасты. Ұлы­бри­танияда (Лондонда) қазақ теңгесінің дизайны, кө­лемі, түр-түсі жайында арна­йы топ жұмыс істеді. Әлі есімде, Елба­сы­ның Жарлығымен 1993 жы­лы қарашада қазақ елінің тұң­ғыш теңгесі таратыла бастады.

Әрине, жаңа мемлекет қа­лып­тастыру, оның сырт елдер­мен байланысын нығайту оңай шаруа емес. Ең бастысы, мем­ле­­кетіміз бар, бірақ мемлекеттік атқару органдары, мемлекетке тән нышандар болған жоқ. Қорғаныс министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, т.б. нақты мем­л­екет болып нығаюға қа­тысты құрылымдар әлі қа­лып­­тас­паған. Бәрінде кадр жетіс­пейтін. Оның арасында меке­ме­лер жұмыс істемей, ел арасында жұмыссыздық пайда болды. Халыққа уақытында не жа­лақы, не жәрдемақы төлен­беді. Күнкөрістің өзі қиындап кет­ті. Мемлекетіміз саяси да, эко­номикалық та, барлық жа­ғы­­нан кризиске ұшырады. Елдің барлығы кеңестік жүйеге үйреніп қалған, барлығын Үкімет атқарады деп отырған еді. Тәуелсіздік алғаннан бастап же­кешелендіру жүргізілді. Әр­бір жеке адамның жұмыс істеу қабілеті ескерілді. Мүм­кін­дік жасалды. Тәуелсіз­дік ал­ған сәттен бастап Қазақстан адам бостандығына мән берді. Әркім қандай кәсіппен айна­лы­самын десе еркіндік берді.

Жалпы, ол уақытта жас мем­­лекет қандай болатынын да білмедік. Тұңғыш Президенті­міз­­дің талантына, көрегендігіне қарай, басқа мемлекеттерге қара­ғанда көп нәрсені тез игеріп кеттік. Оның бәрі – Елба­­сының стратегиялық жос­пары­ның арқасы. 1997 жылы Пре­зидентіміз жаңа бағдарлама ұсынды. Онда ел дамуының 2030 жылға дейінгі жоспары бел­гіленіп, 7 түрлі басымдық алға тартылды. Елбасының бұл 7 түрлі басымдығы да өз кезе­гін­де орындалып, халық игілігі үшін жұмыс атқарды. Бұл тура­лы 2014 жылғы халыққа Жол­дауында Елбасы қорытын­ды жасап, атқарылған жұмыс­тар­ға арнайы тоқталды. Осындай стратегиялық жоспарлар арқы­лы ұлттың, елдің, мемле­кет­тің дамуын бірізділікпен алға жыл­жы­туға болатынын тәжіри­бе жүзінде көрген Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан – 2050» бағдарламасын қабылдады. Барлық құрылым, бүкіл сала осы «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бойынша қызмет атқарды. Міне, сол уақытта қабылданған бағдарламалар тәуел­сіз мемлекетті орнық­тыр­ды. Соның арқасында ел эко­номикасы жоспарлы түрде ақырындап аяғына тұра баста­ды. Сөйтіп, қоғамымызда тұ­рақ­тылық пайда болды. Нұр­сұл­тан Әбішұлының жүр­гіз­­ген саясатының арқасын­да бар-жоғы 35 пайыз қазақтың ша­ша­уын шығармай, халықтың тату­лы­ғын сақтады.