Вирусқа бола дүрлігудің қажеті жоқ – Қытайда жұмыс істейтін Қазақстан азаматы
Вирусқа бола дүрлігудің қажеті жоқ – Қытайда жұмыс істейтін Қазақстан азаматы
357
оқылды
Қытайда жұмыс істейтін қазақстандық ер адам Қытайда коронавирустық инфекцияға байланысты не болып жатқандығы туралы zakon.kz тілшісіне айтып берген. Ол Уханнан мың шақырым қашықтықта Фуцзянь провинциясының Фучжоу қаласында жүр. Оның айтуынша, қалада, бүкіл Қытайдағыдай, күніне екі рет көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын және қоғамдық көліктерді зарарсыздандырады. Адамдар дезинфекциялау құралдары сияқты тегін таратылған бетпердені киіп жүр. – Мен қазір Қытайдамын, мұндағы жағдай бақылауда. Иә, 2 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, бірақ бұл 2 миллиард халықтың, тіпті 1%-ін әрең құрайды. Көбіне көз жұмғандар 70 жастан асқан, иммунитеті әлсіз кәрі адамдар. Сондықтан мұндай вирустың айналасында дүрлігудің қажеті жоқ, –дейді ол. Билік күніне кемінде бір мәрте вирусқа қарсы қабылданған шаралар туралы ресми түрде жариялап отырады. – Қытай үкіметі қазір бәрін толық бақылауға алған. Бұқаралық ақпарат құралдары шаралар қабылдануда деп хабарлайды. Карантинге ұшыраған, тек екі қала – Ухань және Хуанган, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай 10 қала емес, деп атап өтті қазақстандық. Оның айтуынша, әуе қатынасы жақсы жұмыс істеп жатыр. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында коронавирус белгісі мен ыстығы бар адамдарды анықтау үшін соны үлгідегі жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар, мұнда демалыс күндерді ресми түрде 2 ақпанға дейін ұзартты. Адамдар жұмыста емес, отбасымен үйде болған жағдайда қандай сақтық шаралар қолдануы керектігін әбден ақпараттандырылған. Қазір адамдар азық-түлік сатып алып, үйлерінде отыр. «Мысалы, Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларынан қанша адам қайтыс болады.Менің ойымша, сол цифрды осы вирустың кесірінен бүкіл Қытайдағы көз жұмғандардың санын салыстырса, біздікілер асып түсетін шығар», – дейді ол. Оның айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастарға арналған мың адамдық госпитальдың құрылысы осы аптаның соңына дейін аяқтайды. Желіде кейбір бұқаралық ақпарат құралдары көрсеткендей Қытайда дүрбелең болмағанын көрсететін видеолар жариялануда. https://www.youtube.com/watch?v=6ney_OVy7s4&feature=emb_logo