Австриялық профессор кардиологтардың біліктілігін арттырды

Австриялық профессор кардиологтардың біліктілігін арттырды

Австриядан келген University Heart Center профессоры Кристиан Волман Қазақстан және Өзбекстанның интервенциялық кардиологтарына шеберлік сабақ өткізді.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавловск қалаларының интервенциялық кардиологтары, электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.

Доктор Кристиан Волман тыңдаушыларға синустық түйіннің әлсіреу синдромы, оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді. Ал аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава тыңдаушыларды жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің заманауи интервенциялық әдістерімен таныстырды.

Іс-шара барысында профессор Кристиан Волман және Роин Реквава операция жасап шеберлік сабағын өткізді.

6 және 7 желтоқсанда Литваның «Кризистерді зерттеу орталығының» кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырады.