Тоқаевты Берлинде қалай қарсы алды: видеосы шықты

Тоқаевты Берлинде қалай қарсы алды: видеосы шықты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда екі күндік ресми сапармен жүр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізді. Ресми кездесу рәсімі Федералды канцлер кеңсесінің алдында өтті. Қазақстан, Германия және Еуропалық Одақтың жалаулары көтеріліп, Бундесвер бас оркестрі екі мемлекеттің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.

Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.

 

https://youtu.be/PfzLGKCSXOQ