Airbus A320neo алғашқы C-check-ін өткізді

Airbus A320neo алғашқы C-check-ін өткізді

Air Astana әуекомпаниясы 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы тех­ни­калық базасында Airbus A320 neo ұшағының алғашқы C-check ауыр жөндеу жұмыс­тарын орындады.

Осы жылдың қазан айында Air Astana ұшақтағы осындай күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін EASA (Еуропалық авиация­лық қауіпсіздік жөніндегі агент­тік) сертификатын алды. Серти­фи­кат Airbus 319/320/321 ұшақта­рында жөндеудің күрделі түрлерін (C-check) орындауға мүмкіндік береді. Бұдан бұрын әуекомпа­ния­сы өз ұшақтарына және Қа­зақстанға ұшатын өзге әуекомпа­ниялардың ұшақтарына базалық техникалық қызмет көрсеткен.

С-check S7 Technics компа­ниясы мамандарының басшы­лы­ғымен 10 күн бойы өткізілді, сон­дай-ақ Air Astana-ның ин­же­нерлері мен мамандары салонның косметикалық жөндеуді және 170-тен астам жұмысты орын­дады. С-check-ке дайындалу үшін 11 ай ішінде әуекомпания инже­нерлері Мәскеудегі S7 Technics базасында оқудан өтті.

Бұған дейін Air Astana мен S7 Technics Алматы және Нұр-Сұл­тан ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу саласындағы ынтымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қойды. S7 Technics ке­лісімі аясында Air Astana маман­дарына ауыр жөндеу жұмыстары бойынша кеңес береді және оқытады. Серіктестік Air Astana техникалық қызмет көрсету ба­засы мен S7 Technics базалары ара­сында құралдар мен жаб­дық­тарды бірлесіп пайдалануды және алмасуды көздейді.

Air Astana инженерлік-техни­калық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Кит Уордл (Keith Wardle): «Біздің басты мін­детіміз – ұшақтарға қызмет көр­сетудің ауыр түрлерін дербес орын­­дау есебінен әуекомпа­ния­ның шығындарын азайту. Біздің тәжірибе мен әлеуетті кеңейте оты­­рып, сыртқы тапсырыс беру­ші­лер үшін техни­калық қызмет кө­р­­сету мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Сондықтан біз өз С-check орындауға жұм­салған шығындардың бір бөлігін өтей аламыз. Біз бұл алдағы жыл­дары орындалады деп күтеміз» – деп атап өтті.

«Бұл – S7 Technics тарихында осы іспеттес алғашқы жоба. Бірақ авиациялық индустрияда про­вай­дер Тапсырыс берушіге өз құ­зыреттерін дамытуға көмектесетін мысалдар бар» – дейді S7 Technics маркетинг және сату жөніндегі бас директордың орынбасары Игорь Паньшин, – Air Astana масштабындағы әуекомпания үшін базалық техникалық қызмет көрсету саласында өз құзыреттерін дамыту –шығындарды қысқарту бойынша қисынды қадам».

Air Astana Нұр-Сұлтан қала­сындағы техникалық орталы­ғын­да 2020 жылы өзінің алғашқы С-check-ін орындау үшін техни­калық базасын жетілдіруде.

 

Серік Әлімжанов,

Алматы