Мұқтаж адамға көмектескен 10 жастағы Сабина Ерғалиқызы  «Жыл меценаты» атанды

Мұқтаж адамға көмектескен 10 жастағы Сабина Ерғалиқызы  «Жыл меценаты» атанды

Мұқтаж адамға көмектескен Сабина Ерғалиқызы «Жыл меценаты» атанды. Оған  500 мың теңге сыйақы табысталды. Жақында  "Қызық LIVE" жобасының жаңажылдық "Қызық премия 2020" бағдарламасы өтіп, өткен жылды қорытындылаған еді. Бағдарламада 10 жастағы ақтаулық қыз Сабина Ерғалиқызы "Жыл меценаты" номинациясын жеңіп алды.  "Қызық Live" ұжымының атынан жиналған 500 мың теңгені танымал меценат Қайрат Құдайберген табыстады.

Көшеде тұрған мұқтаж адамға ақша берген оқушы қыздың видеосы әлеуметтік желіге тараған болатын. Осыдан кейін жұрт Сабинаның іс-әрекетіне сүйсінді. Ол көше бойында тұрған кісіні жиі көреді екен. Сондықтан оған көмектескісі келген. – Мен ол кісіге ақша бердім. Өйткені ол қарны ашқан екен деп ойладым. Оған ақша бердім. Ол ағайды мен күнде көремін. Сол үшін мен одан қорықпаймын, – дейді Сабина Ерғалиқызы.