Алматыда бос ғимараттан жаңа туған шақалақтың мәйіті табылды

Алматыда бос ғимараттан жаңа туған шақалақтың мәйіті табылды

«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, Алматыда бос ғимараттан жаңа туған шақалақтың мәйіті табылған.

Сәбидің денесі Сайран көлінің жоғарғы жағындағы бос ғимараттан табылған. Қалалық Полиция департаменті бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматының Полиция департаменті: «Жедел-тергеу тобы құрылды. Олар жақын арада баланың анасын табады және шақалақтың неден өлгенін анықтайтын болады», – деп мәлімдеді.