Жиырма жыл бойы өзін жыланға шақтырған америкалықтың қанынан бұрын-соңды болмаған у қайтарғыш жасалды. Бұны ерлік деп бағалауға бола ма?
Соңғы жылдары темекі индустриясы жаңа өнімдер арқылы тұтынушыларды қызықтыруда. Соның бірі – қыздырылған темекі өнімдері. Ғалымдар оның өте қауіпті екенін айтуда.
АҚШ пен Украина сәрсенбі күні (30 сәуір) Вашингтонда маңызды келісімге қол қойды. Бұл құжат бойынша Құрама Штаттар Украинадағы пайдалы қазбаларды бақылауына алады.
1 мамырда президент елдегі ең ірі қоғамдық хабар тарату ұйымдарына бюджеттен бөлінетін қаржыны қысқарту туралы жарлық шығарды. Ұлттық радио мен қоғамдық телеарна бұған наразы.
Үкімет өте қымбат әскери ұшақтан айырылғанын мойындады. Жойғыш ұшақ әуекемесінен сырғып, суға батып кеткен.
Сауда соғысы ешкімге пайда әкелмейтінін ірі экономикалар жақсы түсінеді. Ақ үй де, Бейжің де тарифтік шиеленістің салдарын жұмсартуға астыртын әрекет ете бастаған сияқты.
Жаңа заң жобасы – көліктердің жылдамдықты асырмауын толығымен болдырмауды мақсат етеді. Оны интеллектуалды көмекшілер іске асырады.
Америкалық президент араб әлеміне назарын аударды. Ол ең биікте орналасқан бассейні бар зәулім ғимарат құрылысын бастады.
Белсенді қолданушылар саны бойынша WhatsApp-та 3 млрд, Telegram мессенджерінде 1 млрд адам тіркелген. Екі қосымша да қауіпсіздік бойынша әртүрлі тәсілдер ұстанады.
Ғарыш станциясынан ашық кеңістікке шығу таңғаларлық оқиға емес. Дегенмен екі әйел-ғарышкердің бірге ашық ғарышқа шығуы өте сирек болады.
Телефонды ұмытып кету – жиі кездесетін жағдай. Бірақ девайсыңызды тау шыңында жоғалтып, оны іздеп екінші рет адасу – бұл қауіпті де, күлкілі де жағдай.
Бұндай тұтынушылар денсаулығына қамқорлық бізге де керек. Бірақ зиянды қоспалардың тағамда болмауын америкалық министр талап еткен. Қазақ министрі ондай бұйрықты қашан шығарады?
Биткоин өндіру немесе биткоин майнингі тиімсіз болып қалды. Себебі – компьютерлік жабдықтар мен электр энергиясы қымбат.
Бір апта бұрын өмірден озған Рим Папасы Францисктің жаңа технологияларға қатысты пайымдаулары жариялана бастады. Понтифик әрқашанда өз пікірін ашық білдіруден қорықпаған.
Саясаткерлердің 8 миллион баяндамасын талдаған ғалымдар таңғаларлық өзгерісті анықтаған. Саяси лексикада ғылыми негізделген тұжырымдарды қолдану күрт азайып кеткен.