Мерейтойға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев музыкалық оқу орнының ұжымына құттықтау хатын жолдады.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар «Пошта туралы» заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, сондай-ақ жаңа Бюджет кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу т...
Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы, маңғыстаулық спортшы Нұрсұлтан Жұбатқан жеңісі үшін сыйға алған 1 миллион теңгені балалар үйіне қайырымдылыққа берді.
Білім беру және денсаулық сақтау саласында биометриялық сәйкестендіруді пайдалану мәселесі «AMANAT» партиясының Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды.
Гонконгтен жақсы хабар жетті. Туниске таеквондодан Олимпиада ойындарының тарихи алтынын сыйлаған Есбол Сұлтанов әлемде үздік деп танылды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Nazarbayev University Президенті, профессор Вакар Ахмадпен кездесті.
Аталған мемлекеттік органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтінішті үміткерлер «eqyzmet.gov.kz» сайтында электрондық түрде әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 бере алады.
2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда 2025 жылы инклюзивті туризмді дамытуға және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті жақсартуға бағытталған жоба жүзеге асырылады.
6-7 желтоқсанда «Астана Балет» театрының сахнасында «Желтоқсан жаңбыры» балетінің премьерасы өтеді.
Алматыдағы кітапханаларға көзі нашар көретіндер мен зағип жандарға арналған арнайы жұмыс станциялары орнатылды.
Қазақстан құрамасы Бокстан Азия чемпионатының алғашқы күнінен бастап 5 медальды қоржынға салды. Байрақты бәсекеде спортшыларымыз жалпы есепте көш басында келе жатыр.
Жаңа 2025 жылы мемлекеттің тұрғын үй саясаты түбегейлі реформаланады. Осы аттас заң өмірге жолдама алды.
Ежелден қастер тұтып қадірлеген төрт түліктің төресі – жылқы. Өйткені әлемде тұңғыш рет қазақтың арғы ата-бабалары қолға үйреткен қылқұйрықты жануар көшпенділер тіршілігінің басты тірегі, һәм серігі де болған.
Биыл қараша айында теңге бағамы доллармен салыстырғанда 5%-ға әлсіреді. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетелдік валютаның сауда көлемі де азайды.