Мемлекет басшысы қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайтынын айтып, бюджет қаржысын үнемдеуге шақырды.
Президент Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы радикалды неофиттердің әрекетінен сақтанып, қазақтардың дәстүрлі діні – сунниттік бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюға шақырды.
Президент Наурыз мерекесін жаңаша тойлауға шақырып, оның ішінде Ұлттық киім күніне ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет.
Президенттің айтуынша, кітап оқырманға қолжетімді болуы керек.
Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент қазақстандықтарды бір-бірін бөліп-жармай, бірлікшіл болуға шақырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды.
Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиыны өтті. Күн тәртібінде өңірдегі көктемгі су тасқынына дайындық барысы талқыланды.
ҚМДБ мамандары дұға ету үшін дәреттің болуы міндетті емес екенін айтты.
Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды.
Желіде тараған кадрларда көлік жүргізушісі Нұра ауданы Ахмет ауылының аялдамасында бір әйел қолын бұлғап тоқтатқанын, қасында ер адам болғанын айтады.
Сағат 19.13 шамасында Май-Дегелең стансасы арасындағы 200 шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті.