Операцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтар мен дәріханалық нашақорлықтың таралуына жол бермеу.
Қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, “қамқорлығы” үшін ай сайын 1,5 миллион теңге алып отырған.
Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды.
Республика бойынша тұман, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жел күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады деп күтілуде.
Жігер Ауыпбаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Ұлттық банк 15 қараша, жұмаға валюта бағамын жариялады.
2024 жылғы 15 қарашада Абай, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар жауады. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.
Су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінген 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынған Перизат Қайраттың құрбысы Айгүл Құралова есімді желі қолданушысы жазба жариялап, оқиғаға қатысты өз шындығын айтты.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
Айгүл Иманбаеваның енесі "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.
Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы – 7 жылға, ЖШС директоры 3 жыл 6 айға сотталды.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.