Республика бойынша тұман, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жел күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады деп күтілуде.
Тұман, жел, көктайғақ: 18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
762
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон жотасы әсер етеді, тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жел күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.