Елнұр Бейсенбаев "Әділетті Қазақстанды құру – елдегі ауқымды реформалардың темірқазығы" деп есептейді.
Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының директоры Эрлан Батырбеков референдумда өз дауысын беріп, бүгінгі күн ұзақ та қажырлы еңбектің жемісі екенін баса айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді.
«AMANAT» партиясының Мәжілістегі депутаттары Марат Бәшімов, Унзила Шапақ, Самат Нұртаза референдумда дауыс берді.
ҚР БП Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Бекжан Қараманов референдум күні, яғни бүгін үгіт-насихатқа тыйым салынғанын еске салды.
Дауыс берушілерді ақжаулықта әжелер ұлттық нақыштағы киіммен, бауырсақтан ауыз тигізіп қарсы алуда.
Бүгін республикалық рефрендум аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек отбасымен референдумда дауыс берді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді.
Атырауда референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда.
Таң ата салысымен сайлау учаскелеріне ағылған жұртшылық арасында жасы үлкендер көп.
Талдықорғандағы негізінен көпбалалы аналар жұмыс істейтін «Айсұлу» тігін фабрикасының 80 қызметкері 6 қазанда сайлау учаскесіне бір кісідей барып, өз таңдауларын білдірді.
Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады.
"Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев референдумда дауыс берді.