Tag: Ақорда
Президент бірқатар кездесу өткізді
Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейді – Ішкі істер министрі Ержан Сәденов
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр.
Тоқаев Ақордада Германия канцлері Шольцты қарсы алды
Қазақстан Президенті мен Германия Федералдық канцлері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дала өркениетін жер-жаһанға паш етеді
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты.
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Бұдан кейін еліміздің Әнұраны шырқалды.
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Кездесуде достық әрі тату көршілік рухында жан-жақты дамып келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтудың маңызына мән берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға арнайы келген Айсен Николаевпен кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановпен кездесті.
Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.
Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Тоқаевтың төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтті
Қазақстан Президенті осы уақытқа дейін өткен Консультативтік кездесулердің нәтижесі аймақтық ынтымақтастыққа жүйелі, жан-жақты әрі, ең бастысы, сенімді сипат беріп, бұрын-соңды болмаған деңгейге шығарғанын айтты.
Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері Ақордаға келді
Президенттер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ақордаға келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.