Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды
GOV.KZ
768
оқылды

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, -  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Ол Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын. Оған дейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болды.