Tag: Су тасқыны
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 миллиард теңге бөлді
Өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 178 өтінімін қарап, мақұлдады.
Жамбыл облысы: толассыз жауынның салдарынан 500-ге жуық қой суға батып кеткен
Иесінің айтуынша, сол кезде қорада 1,6 мыңнан астам мал болған.
Нартай Сәрсенғалиев: Су тасқынынан зардап шеккендер баспанасыз қалмайды
Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін 775 үй салынады, мемлекет есебінен қосымша 1 500 пәтер сатып алынады.
Қызылжарлықтарға 60-қа жуық үй үлестірілді
Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауыл жұртшылығына тұрғын үй беру және суға батқан, жоғалған мал үшін өтемақы төлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде ауданда қираған баспананың орнына 60 үй сатып алынған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі баспанасынан айырылған отбасылар үшін тұрғын үй алып беру арқылы нақты көмек көрсетуді жалғастыруда.
Мемлекет су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр?
Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.
Атырауға тасқын кезінде қап әкелген Дағыстан азаматы ҚР Журналистер одағының Алтын медалімен марапатталды
Дағыстандықтың жанқиярлық әрекетін Атырау облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның азаматтары ықыласпен қабылдады.
Күн суытқанға дейін азаматтар жаңа үйге қоныстанады – Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою туралы
Су тасқыны кезінде барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскесі су астында қалды.
Индерлік тракторшы Президенттен награда алды
Кент тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жаңа сатыға көтеру ісіне және кент тұрғындарын сумен қамтуда өз үлесін қосып келеді.
Президент су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан қазақстандықтарды марапаттады
Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.
Президент кентаулық оқушы Гауһар Шаймерденнің ата-анасына алғыс айтты
Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына аударған.
Тоқаев: Тасқынның зардабын жоюда қалыс қалған кәсіпкерлер де аз емес, олардың кім екенін де жақсы білеміз
Президент баспанасыз қалған адамдарға «Қазақстан халқына» қорынан тұрғын үй салуға қаражат бөлінгенін айтты.
Ақордада су тасқынымен күреске атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті
Көктемгі су тасқыны кезінде Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланып, ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан еді.
Қанат Бозымбаев 6 өңірдегі су тасқыны салдарын жою жұмыстарының қарқынын тексерді
Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарын жою қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Құлсарыда 2 500-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Бүгінге дейін 1 931 тұрғынның жеке шотына ақша аударылды.