Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«ҚазАвтоЖол» осыған қатысты шұғыл ақпарат жариялады.
«2025 жылғы 15 сәуір сағат 20:50-де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.