Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады.
Бұршақ пен жаңбыр жауып, үсік жүреді: 24-26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
9,159
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 24, 25 және 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі уақытта республиканың солтүстік және шығыс аймағында 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.

Ал батыс және солтүстік-батыс облыстарда циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болып, соның әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Еу аумағы бойынша желдің күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста құмды дауыл, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

24 сәуір түнде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүріп, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

24-25 сәуір аралығында Павлодар облысында, 25 сәуірде Қарағанды облысында күн суытады.

25-26 сәуір түнде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 1-6 градусқа дейін үсік жүру мүмкін деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.