Боранға байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 50 рейс орындалмай қалды, – деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 45 рейс кешікті. Оның ішінде ұшып келуі тиіс рейстер саны – 25, ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 20. Сонымен қатар, 50 рейс тоқтатылды. Оның ішінде 11-і – халықаралық бағыттағы рейстер», – деп хабарлады баспасөз өызметінің өкілі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының әуе айлағы түнгі сағат 02.40-тан күндізгі 14.00-ге дейін жабық тұрған.
«Өздеріңіз білетіндей, боран кеше түнде басталған болатын. Тоқтатылған рейстер ішінде бүгін де, кеше де орындалмай қалған рейстер бар», – деді Ж.Ахметжанов.