Биткоин бағасы бірінші рет 33 мың доллардан асып, күн сайын қымбаттап жатыр
Биткоин бағасы бірінші рет 33 мың доллардан асып, күн сайын қымбаттап жатыр
134
оқылды

BBC News-тің мәліметінше, биткоин бағасы күн сайын өсіп жатыр. Биыл 2 қаңтарда биткоин бағасы 30 мың доллардан асып, аяқасты 10 процентке қымбаттады. Іле-шала құны 33 мың доллар болды.

Былтырдан бері бір жыл ішінде биткоин бағасы 4 есе өсті. Былтыр биткоин құны 7 мың доллар шамасында болған. Пандемия басталғаннан бері әлемдік қор нарығының құлдырауы, мұнайдың арзандауынан соң биткоин құны жоғарылай бастады.

Бағаның өсуіне былтыр қазанда PayPal-дің биылдан бастап криптовалютаны төлем құралы ретінде қабылдайтыны туралы хабарлама таратқаны түрткі болды. Осы хабардан соң биткоин бағасы күрт қымбаттады.

Дегенмен, сарапшылар алдағы уақытта биткоин бағамы күрт құлдырауы мүмкін деген болжам жасап отыр.