Қазақстандық Зайнутдинов «Спартак» қақпасына 2 гол салды (видео)
Қазақстандық Зайнутдинов «Спартак» қақпасына 2 гол салды (видео)
131
оқылды

Ресей Премьер-Лигасының 19-турында қазақстандық Бақтиёр Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростов» клубы Мәскеуде жергілікті «Спартакпен» кездесіп, жеңіске жетті.

Бас бапкер Карпин қазақстандық ойыншыны алаңға алғашқы минуттан бастап шығарды. Зайнутдинов бұған дейін Ресей біріншілігінде 9 ойын ойнап, үшеуінде негізгі құрамнан орын алған. «Динамо» қақпасының саңлауын тапқан Зайнутдинов бұл жолы дубльмен ерекшеленді.

Бақтиёр 22 және 83 минутта қарсылас қақпасын тулатты. Айта кетейік ойын 1-4 есебімен «Ростовтың» пайдасына шешілді.

Футбол жаңалықтарымен әйгілі kulichki.net порталы Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы деп таныды.

https://youtu.be/btijJ68YzWQ