Алматы облысында жол жабылды
Алматы облысында жол жабылды
165
оқылды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қатты бораннан жол көрінбей қалған.

«ҚазАвтоЖолдың» Алматы облысындағы филиалы бүгін сағат 10:30-да таратқан хабарламаға сәйкес, қатты боран салдарынан жолда ештеңе көрінбеуіне байланысты Үшарал – Достық (Көктума ауылы – Достық станциясы, 84-184-ші шақырым) республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

Бұған дейін Қазақстанда аяз күшейетінін хабарлаған болатынбыз.