Шығыс Қазақстанда аязда тасжолда қалған 15 жолаушыны құтқарды
Шығыс Қазақстанда аязда тасжолда қалған 15 жолаушыны құтқарды
5,106
оқылды

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Бүгін сағат 02:10-да Курчатов қаласында жолда қалған жүргізушілер көмек сұрады.

Оқиға орнына барған құтқарушылар «Шансиман» маркалы 7 автокөліктің дизель отыны қатып қалғанын анықтады. 15 жолаушыны жылыту пунктіне жеткізді. Ыстық тамақ берді.

Облыс аумағында ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеді.

Бұған дейін Алматы облысында жол жабылғанын хабарлаған болатынбыз.