Ақсақал үміткерге ауылдың мәселесін айтты
Ақсақал үміткерге ауылдың мәселесін айтты
391
оқылды

4 қаңтар күні Nur Otan партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерболат Бекмулдин үгіт-насихат жұмыстарының канвассинг форматы бойынша Жаңажол ауылының тұрғыны, Казталов ауданының құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, еңбек ардагері Нағым Ризуанов ақсақалдың шаңырағында болды.

Канвассинг – Nur Otan партиясының халықпен байланыс орнатуға септігін тигізетін тәсіл. Осы мақсатта өткізілген Нағым Ризуанов ақсақалдың шаңырағындағы кездесуде партияның ауданда атқарып жатқан жұмыстары мен еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығының қалыптасуы және оны сақтап қалу жолында бірқатар әңгімелер айтылды. Әңгіме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміздің жеткен жетістіктері де баяндалды. Нағым Ризуанов Жаңажол ауылдық округінің қазіргі ахуалының жақсы екендігін ескере отырып, техникалық суға қатысты бір ғана мәселенің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар партияны қолдайтындығын да жеткізді. Үміткер Ерболат Бекмулдин партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасын тілге тиек етіп, Нағым ақсақалдың отбасын сайлауда партияны қолдауға шақырды.

Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.