Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?

Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?

Мемлекеттік жастар саяса­тының мақсатты негізде жүйе­лі жүргізілуі келешек кепілі сана­латын жас буын өкілдері­нің жеке тұлға ретінде қа­лып­та­суы­на ықпал ететін басты фак­­тор­дың бірі екендігі бел­гілі. Осы рет­те студент жастар қауы­мы­ның назардан тыс қал­мауы, әсі­ресе олардың тұр­мыс­тық жағ­дайына жете көңіл бө­­лініп отырғаны мем­лекет та­ра­пынан атқарылып отыр­ған іс­тердің әлеуетті қалпын ай­ғақ­тайды. Қазақ­стан­­ның Тұңғыш Прези­денті ұсынған Бес әлеумет­тік бастаманың бір бағыты сту­денттердің тұр­мыстық ахуалын жақсартуды меже тұтқаны және соған орай іске асырылып жат­қан тын­ды­рымды шаралар осы тұжы­рым­ның жарқын мысалы.

Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігі студенттердің баспа­намен қамтылып, алаңсыз білім алу мәселесін оңтайландыру мақсатында біршама жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру үстінде. Оның негізгі өзегі – жатақхана салу мен бұрын салынған ғимараттарды жатақханаға бейімдеп қайыра жаңғырту жұмыстарын жүр­гізуге мемлекеттік тапсырыс қара­жатын орналастыру. Осынау қа­жет­тілікке орай, БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік тапсырысты орна­лас­тыру қағидасын дайындаған бо­латын. Аталған құжатта ортақ мүдделі іске жекеменшік секторды екіжақты оңтайлылық жағдайында тарту шарттылықтары мен оны жүзеге асыру тетіктері қарастырылған еді.

Ақпараттық насихат жұмыс­тарының пәрменді жүргізілуінің нәтижесінде бүгінгі күні инвесторлар мен жеке кәсіпкерлер студент жастар үшін жатақхана салу және бұрын басқа бағытта қолданыста болған ғимараттарды жаңадан жаңғыртып бейімдеу шараларына кірісіп кетті. Осы ретте олардың қолға алған істеріне әлеуметтік нысан деп қана қарамай, түсімі тұрақты, келешегі ілкімді бизнес-жоба тұрғысынан келулері көңілге қуаныш ұялатады.


«ДиЛМАШ» ЖСШ-нің студенттер жатақханасы. Қызылорда қаласы


Шынайы сұраныс көлемін зерделеу ел көлемінде студенттер үшін 75 мың жатақхана орны қажет екендігін көрсетіп отыр. Сұраныс кө­лемі республиканың ірі қалала­рымен қоса, облыстық маңыздағы қалаларды да қамтиды.

Студенттер жатақханасы құры­лысын салған немесе ғимаратты қайыра бейімдеп жаңғыртқан инвес­тор, я болмаса, жеке кәсіпкер ны­санды (жатақхананы) студенттер үшін қолданысқа енгізген соң мем­лекет тарапынан 8 жыл бойы мем­лекеттік тапсырысты орналас­тыру тәсілімен қаржы төлемі жүргізіледі. Төлем мөлшері пайдалануға тап­сырылған және студенттер нақты орналасқан орынжайлар санына сай айқын­далады. Жыл сайын әр орын­жай үшін 122 айлық есептеу көр­сеткіші (АЕК), ғимаратты жатақхана ретінде реконструкцияланған жағ­дайда 47 АЕК көлемінде мемлекет қаржысы төленеді.


Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің жатақханасы. Алматы қаласы


Бұрын студенттердің жатақханада тұруының шектеулі төлемақысы олардың шәкіртақысының 15 пайы­зынан аспайтын мөлшерде белгі­ленген еді. Алайда құрылыс компа­ния­ларының өкілдері шыққан шығы­нның орнын толтыруды көз­дейтін бұл көрсеткіші бизнеске де, ЖОО-ға да меншік иесі ретінде жатақхананы тиімді басқару мүм­кіндігін бермейді деп есептейді. Сол себепті жатақхана ғимараттарында кәсіпкерлік бағыттағы шарттылық­тарды қоса пайдалану жолдары да қарастырыла бастады. Үшінші бас­тама жүзеге асырыла бастағаннан бері 5 404 орынға 22 нысан іске қо­сылды. Жаңадан іске қосылған жатақ­ханалардың студенттер үшін 1 ай тұру құны орташа есеппен 8,5 мың теңгені құрайды. Бұл ірі қа­ла­ларда білім нәрімен сусындап, студенттік шақтарын өткізіп, пәтер жал­дап жүрген жастар үшін қол­жетімді сомма. Мәселен, жаңадан іске қосылған Қазақ инженерлік-тех­нологиялық университетінің жатақ­ха­насында – 15 000 теңге, «ДиЛМАШ» ЖСШ – 4 000 теңге, ал RnR Group ЖШС жатақханасында – 10 000 теңге. Жатақханалар тұрмысқа қолайлы, жылы, жарық, тегін Wi-Fi, кітап­ханалар мен коуоркинг орталық­тармен жабдықталған, көпшілігінің санитарлық тораптары бұрынғыдай баршаға ортақ емес, бөлме ішінде орналасқан.

Осы орайда, айта кетер жайт, жатақханадағы орындар көбіне орналасу құқы алғашқы кезекте мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түскен студенттерге, оның ішінде: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, толық емес отбасылар мен көпба­лалы аналардың балалары, зейнет жасын­дағы көпбалалы отбасылардың балаларына жететін. Алға қойылған меже 2022 жылға дейін кемінде жа­тақ­ханаларда 75 мың жаңа орынды енгізу, түйткілді мәселенің шешімін тарқатып, заманауи жатақханада тұруға ниет танытқан барлық санат­тағы студент жастардың тұрғын жайын шешеді деген сенім мол.


«Қаржы орталығы» АҚ